Accessibility links

HRW: Сауд Арабиясы Йеменде кассеталық бомба қолданған


Әуе соққысынан соң әуежай маңынан көтерілген түтін. Сана, Йемен, 28 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Әуе соққысынан соң әуежай маңынан көтерілген түтін. Сана, Йемен, 28 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы бүгін Сауд Арабиясы жетекшілік ететін коалицияны Йемендегі шиит көтерілісшілеріне қарсы әскери-әуе операциясы барысында кассеталық бомбалар қолданған деп айыптады.

Ұйым мәлімдемесінде Йеменде хуситтер позицияларына соққы берген кезде кассеталық қару түрлері қолданылғанын дәлелдейтін фотосуреттер, видеоматериалдар мен өзге де айғақтар бары айтылған. Спутниктен түсірілген суреттерді талдау ісі бомбалар елді мекендерден 600 метрдей жерге түскен, яғни бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төнген деген болжам жасауға мүмкіндік береді делінген HRW құжатында.

Сауд Арабиясы бұл айыптауларды жоққа шығарған.

2008 жылы жасалып, 116 мемлекет қосылған келісім бойынша кассеталық қару-жарақты қолдануға тыйым салынған. Бірақ, Сауд Арабиясы мен онымен бірге коалицияға мүше елдер бұл келісімге қол қоймаған.

XS
SM
MD
LG