АҚШ-тың Балтимор қаласында (Мэриленд штаты) тәртіпсіздіктерге байланысты енгізілген коменданттық сағат алынып тасталды. Бұл жайында мамырдың 3-інде қала мэрі Стефани Роулингс-Блейк Twitter-дегі аккуантында хабарлады. Сол күні Мэриленд губернаторы Лэрри Хоуган журналистерге қаладан Ұлттық гвардия жасақтары әкетіліп жатқанын айтқан.
2 мамырда полиция абақтысында алған жарақатынан қайтыс болған қара нәсілді Фредди Грейдің қазасына байланысты Балтиморда демонстрация өткен. Мұның алдында Грейдің қазасына қатысты алты полицейге айып тағылған. Тергеушілер Фредди Грейді тасыған көлікте "жарымжан болды" деген көлік жүргізушісіне "қасақана кісі өлтіру" айыбы тағылды. Тағы бес полицейге абайсызда кісі өлтіру, шабуылдау және тұтқындау айыптары тағылды.
27 сәуірде Балтиморда Фредди Грейдің өліміне байланысты бейбіт демонстрациялар жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқан соң коменданттық сағат енгізілген. Қақтығыстардан 20 полицей жараланып, 250 адам тұтқындалған.