Accessibility links

Киев: Широкинодан әскерді әкетпейміз


Донецкідегі ресейшіл сепаратистердің танктері. Украина, 27 сәуір 2015 жыл.
Донецкідегі ресейшіл сепаратистердің танктері. Украина, 27 сәуір 2015 жыл.

Украиналық әскерилер елдің шығысында Мариуполь түбіндегі Широкино селосынан әскерін әкетпейді деп мәлімдеді бүгін Донецк мен Луганск облыстарындағы арнайы операция басшысының орынбасары Сергей Галушко.

Оның сөзінше, әскерилер күн сайын ресейшіл сепаратистер тарапынан ондаған мәрте атқылауға ұшырайды. "Мұндай жағдайда әскери басшылық сепаратистердің айтқанына көнбейді және қаладағы қауіпсіздіктің нашарлауына жол бермейді" деді Галушко.

2 мамырда Широкинода алты сағатқа созылған ұрыс болған. Украин әскерилерінің ақпаратына қарағанда, сепаратистердің барлық шабуылын "Донбасс" және "Азов" батальондары тойтарған. Ұрыста екі сарбаз жараланған.

Украин әскері мен өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасының" басшылығы кеше бір-бірін Донбасста ақпан айының ортасынан бері орнаған қақтығысты тоқтату режимін бұзды деп айыптаған. Сепаратистер украин әскерін Донецкінің тұрғын үйлер орналасқан кварталын атқылады деп айыптаған. Украин әскері оны жоққа шығарған. Сепаратистер бір тәулікте атқылаудан екі бейбіт тұрғын қаза тапқанын айтады. 13 адам жараланған.

Ал әскерилердің дерегінше, сепаратистер өздерінің позицияларын 50 реттен көп атқылаған. Ұрыс қимылдары Авдеевка, Широкино, Опытное, Водяное, Пески және Гранитный елді мекендері аумағында жүрген.

XS
SM
MD
LG