Accessibility links

Донбасс: Екі украин сарбазы минадан мерт болды


Луганск облысының Счастье елді мекенінде жүрген украин әскерилері. Украина, 12 сәуір 2015 жыл.
Луганск облысының Счастье елді мекенінде жүрген украин әскерилері. Украина, 12 сәуір 2015 жыл.

Украинаның шығысындағы Луганск облысында екі украин сарбазы жасырын минаға түсіп мерт болып, үшеуі жараланды.

Луганск облысының Киев бақылайтын бөлігінің басшысы Геннадий Москальдің 4 мамырда хабарлауынша, 3 мамырда украин әскерилері мінген әскери көлік Екатериневка ауылының маңында келе жатып минаға түскен.

Луганскінің оңтүстік бөлігін Ресей қолдайтын сепаратистер бақылауда ұстайды.

Украина шығысында үкімет әскері мен сепаратистер арасында қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері 6100-ден астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG