Accessibility links

Каримовтың 9 мамырда Мәскеуге бармайтыны хабарланды


Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов Мәскеуде 9 мамырда өтетін әскери парадқа бармайды деп хабарлады Өзбекстан сыртқы істер министрлігіндегі сенімді дереккөзіне сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметі.

Дереккөзінің ақпаратына қарағанда, президентпен қоса Өзбекстан қарулы күштерінің бөлімшесі де екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатыспайды.

Бірақ ресми Ташкент әзірге Каримовтың парадқа қатысатыны, я қатыспайтыны жайлы ресми түрде хабарламады.

Өзбекстан 1999 жылдан бері 9 мамырды жеңіс күні ретінде мерекелемейді. Бұл мереке Еске алу және аза тұту күні деп өзгертілген. Дәстүр бойынша, бұл күні Өзбекстанда соғысқа қатысқандарға мерекелік медальдер мен наградалар беріледі. Ташкенттегі алаңға соғыс және тылдағы еңбек ардагерлері, үкімет мүшелері, депутаттар мен сенаторлар, әскерилер мен қоғам өкілдері жиналады.

XS
SM
MD
LG