Accessibility links

Тәжікстан: Ресей әскери базасынан 20 жұмысшы босатылды


Куляб қаласындағы Ресейдің 201 әскери базасының сарбазы, Тәжікстан. (Көрнекі сурет).
Куляб қаласындағы Ресейдің 201 әскери базасының сарбазы, Тәжікстан. (Көрнекі сурет).

Тәжікстанның Хатлон облысы Куляб қаласында орналасқан Ресейдің 201 әскери базасы 20 жұмысшыны жұмыстан босатты. Азаттықтың Радио Озоди деп аталатын Тәжік қызметінің хабарлауынша, босатылған жұмысшылар соңғы жеті айдың жалақысын алмаған.

Әскери базада қосымша шаруашылық жұмыстарын атқаратын жергілікті ондаған тәжік жұмысшылары сәуір айында жалақыларын төлеуді талап етіп, база алдында наразылық танытқан. Наразылыққа шыққан жұмысшылардың бірі Бозорали Болтаевтың айтуына қарағанда, жұмысшылар база басшылығына, жергілікті құзырлы органдарға, прокуратураға жалақы мәселесін шешуді сұрап бірнеше рет қайырылғанымен еш нәтиже шықпаған.

Тәжікстанда Душанбе, Куляб және Корған-Төбе қалаларында Ресейдің әскери базалары орналасқан. Бұл базаларда жергілікті 200-ге тарта тұрғын жұмыс істейді. Тәжікстан мен Ресей арасында қол қойылған келісім бойынша, базалар Тәжікстан аумағында 2042 жылға дейін жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG