АҚШ «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының төрт жетекшісінің қайда екені туралы ақпарат бергендерге 20 миллион АҚШ долларын тікті. Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, "Әділеттік марапаты" деп аталатын бағдарлама бойынша "Ислам мемлекеті" ұйымы басшылары - Абд әл-Рахман Мустафа әл-Кадули туралы ақпаратқа жеті миллион, Әбу Мұхаммед әл-Аднани мен Тархан Батрашвили туралы ақпаратқа бес миллионнан, Тарик бин-әл-Тахар бин әл Фалил әл-Куни әл-Харзи туралы ақпаратқа үш миллион АҚШ доллары тігілген.
Мемлекеттік департамент ақпаратына қарағанда, Кадули бұған дейін Ирактағы "Әл-Қаидамен" байланысы бар топтың мүшесі болған. Әл-Аднани - "Ислам мемлекетінің" баспасөз хатшысы. Батирашвили - Сирияның солтүстігіндегі содырлардың командирі. Харзи - Сирия мен Түркия шекарасына жақын аймақтағы содырлық топтардың жетекшісі.