Accessibility links

АҚШ көрмедегі шабуылға ИМ-нің қатысын тексереді


Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест.

Вашингтон "Ислам мемлекеті" ұйымының Техас штатында Мұхаммед пайғамбарға арналған карикатуралар көрмесі маңындағы шабуылға қатысы бар деп тұжырым жасауға әлі ерте деп санайды.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнесттің мәлімдеуінше, шабуылды тексеру жалғасып жатыр және дәл қазір "Ислам мемлекеті" содырларының көрме орталығындағы атысқа қатысы бар деуге әлі ертелеу. "Тергеуді Федералдық тергеу бюросы жүргізіп жатыр. Барлау қызметі шабуыл жасаған екі адамның "Ислам мемлекеті" я басқа қандай да бір террористік топқа қатысы барын анықтап жатыр" деді Эрнест.

Кеше "Ислам мемлекеті" ұйымы 4 мамырда Гарленд қаласында көрме маңында болған атысты" халифаттың екі сарбазы" жасады деп, мойнына алған.

4 мамырда Гарленд қаласында көрме өтіп жатқан маңда қарулы екі адам қауіпсіздік күштеріне оқ атқан. Полиция көрме қауіпсіздігіне қамтамасыз ету мақсатында шабуылдағандарды атып өлтірген.

XS
SM
MD
LG