«Казатомпром» ұлттық атом компаниясы басқармасының жаңа төрағасы болып Асқар Жұмағалиев тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Осы кезге дейін Қазақстан инвестициялар және даму вице-министрі болып істеген Асқар Жұмағалиев оның алдында Қазақстан байланыс және ақпарат министрі, көлік және коммуникациялар министрі, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы президенті және өзге де қызметтер атқарған.
«Казатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы жетекшісі Нұрлан Қаппаровнаурыз айында Қазақстаннан ресми делегация құрамында Қытайға барғанда кенеттен қайтыс болған еді.
«Казатомпром» ұлттық атом компаниясы толығымен мемлекет меншігініде. Компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.