Accessibility links

Сот Савченконы қамауда ұстау мерзімін ұзартты


Надежда Савченконы сот залынан әкетіп барады. Мәскеу, 6 мамыр 2015 жыл.
Надежда Савченконы сот залынан әкетіп барады. Мәскеу, 6 мамыр 2015 жыл.

Мәскеу соты украиналық әскери ұшқыш Надежда Савченконы маусымның 30-ына дейін қамауда ұстауға шешім шығарғаны туралы оның адвокаты Николай Полозов Twitter әлеуметтік желісіндегі аккаунтында хабарлаған.

Бұның алдында заңгерлер Савченко ісі бойынша тергеу шаралары қарашаның 13-іне дейін жалғасатынын жария еткен еді.

Надежда Савченко 2014 жылдың шілде айынан бері Ресейде қамауда отыр. Ол өзін Украина аумағында ресейшіл сепаратистер ұстап, Ресей жеріне еркінен тыс әкелгенін айтады. Ресей тергеу орындары Савченкоға Украинаның шығысында мерт болған ресейлік екі журналистің қазасына қатысты және Ресей мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен деген айыпар тағып отыр.

Тағылған айыптарды мойындаудан бас тартқан Савченко өзін қамауда ұстауға қарсылық ретінде аштық жариялап, 80 күннен аса уақыт наразылық акциясын өткізген.

Былтыр маусымда АҚШ Ресей билігін Надежда Савченконы дереу босатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG