Ұлыбританияда бүгін парламент сайлауына дауыс беру өтіп жатыр. Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат жетіде басталған дауыс беру кешкі сағат онға дейін жалғасады. Елде дауыс беру құқығына ие елу миллионға жуық азамат бар. Осы сайлауда алғаш рет интернет арқылы дауыс беру де жүргізіледі.
Дауыс беру барысында қауымдар палатасына бір мандатты сайлау округтерінен 650 депутат сайланады. Сайлау мажоритарлық жүйе бойынша өткізіледі.
Ұлыбританиядағы негізгі саяси ұйымдар – Консервативтік және Лейбористік партиялардың жетекшілері Дэвид Кэмерон мен Эд Милибэнд парламентте басым көпшілік дауысқа ие болатындарын мәлімдеген. Бірақ, қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижесі бұған дейінгі сайлаулармен салыстырғанда осы жолы кішігірім партиялар үлкен қолдауларға ие болып отырғанын көрсеткен. Бұл осы сайлауда көбірек дауыс алған кандидатқа үкімет жасақтау үшін әлгі шағын партиялармен келіссөздер өткізуіне тура келетінін аңғартады.
Ұлыбританиядағы парламент сайлауының түпкілікті қорытындысы мамырдың 8-і күні белгілі болмақ.