Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін бүгін ресми сапармен Мәскеуге барды.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев сапар барысында ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады және Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.