Accessibility links

Пекин Минскіге жеті миллиард доллар несие бөлмек


Қытай президенті Си Цзиньпин (сол жақта) және Беларусь президенті Александр Лукашенко. Минск, 10 мамыр 2015 жыл.
Қытай президенті Си Цзиньпин (сол жақта) және Беларусь президенті Александр Лукашенко. Минск, 10 мамыр 2015 жыл.

Беларусь экономика министрі Владимир Зиновский Қытай несиені мамыр айынан бастап бере бастайды деп хабарлаған. Оның айтуынша, үш миллиард долларға жуық қаржы шамалы пайыздық үстемемен жеңілдікті несие ретінде, ал төрт миллиард долларға жуығы – беларусь банктеріне бизнес-жобаларды қаржыландыруға коммерциялық кредит түрінде берілмек.

Бұған қоса, мамырдың 10-ы күні Минскіге сапары барысында Қытай президенті Си Цзиньпин Беларуське гуманитарлық жобалар үшін, мысалы, тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға 130 миллион доллар көлемінде үш жылдық грант берілетінін жариялаған дейді Зиновский.

Дүйсенбі күні Минскіде Беларусь-Қытай аймақаралық бизнес-форумы өтті, оған Қытайдың 164 компаниясынан өкілдер қатысқан.

Бұл жолғы Қытай мемлекеттік делегациясының сапары кезінде 50-ден аса келісімге қол қойылады деп мәлімдеген Беларусь экономика министрі Зиновский.

XS
SM
MD
LG