Accessibility links

Швейцарияда бірнеше адамды атып кеткен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Швейцарияның солтүстігіндегі Вюренлинген қаласында бірнеше адамның жансыз денелері табылған.

Аргау кантоны полициясының ақпараты бойынша, жергілікті тұрғындардан сенбі күні кешке атыс болып жатқаны туралы хабар түскен. Денелері үй ішінен және көшеден табылған марқұмдардың барлығы ересек адамдар екені айтылады.

Қылмысқа не себеп болғаны және қаза болғандардың кім екені әзірше белгісіз. Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Германиямен шекараға жақын маңда орналасқан Вюренлинген қаласында төрт жарым мың адам тұрады.

XS
SM
MD
LG