Accessibility links

АҚШ: Либерия Эболаның таралуын тежей білді


Эбола вирусы. (Көрнекі сурет)
Эбола вирусы. (Көрнекі сурет)

АҚШ Эбола індетінің таралуына қарсы күресте Либерияның жетістігін атап өткен. Ақ үй сенбі күні таратқан мәлімдемеде, Либерияда соңғы 42 күн бойында жаңадан қауіпті дертке шалдығу оқиғасы байқалмағаны туралы айтылған.

«Дерттің тарауы тоқтағанын жариялаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарына қуаныштымыз» делінген мәлімдемеде.

Либерия халқын қауіпті вируспен күрестегі осынау маңызды межеге жетуімен құттықтаған Ақ үй әкімшілігі, Батыс Африкада Эболаның таралуына қарсы тұратынын және дерттен зардап шеккен Либерия мен өзге де мемлекеттерді қалпына келтіруге атсалысатынын тағы да қуаттаған.

«Осы межеге жеткен шақта, көршілес Сьерра-Леоне мен Гвинеяда дерт әлі асқынып тұрғанын естен шығармағаны абзал. Біз бүкіл аймақта Эбола дерті толық ауыздықталғанша қырағылықты жоғалтпауымыз керек» делінген Ақ үй мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG