Accessibility links

Мәскеуде Владимир Путин Милош Земанмен кездесті


Владимир Путин мен Милош Земан. Нормандия, Франция, 6 маусым 2014 жыл.
Владимир Путин мен Милош Земан. Нормандия, Франция, 6 маусым 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні Кремльде Чехия президенті Милош Земанды қабылдады. Еуропа Одағына мүше елдер басшыларынан тек Земан ғана мамырдың 9-ы күні Мәскеуге келіп, Путинмен екіжақты кездесу өткізген.

Еуропа Одағы елдерінің лидерлері Украина жанжалындағы Ресейдің роліне байланысты Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдық құрметіне мамырдың 9-ы күні Мәскеуде өткен салтанатқа қатысудан бас тартқан.

«Еуропамен арамыз салқындап кеткені біздің бастама емес екенін сіз білесіз. Бірақ, мен сіз сияқты саясаткерлердің арқасында қарым-қатынасымызды бұрынғы қалпына келтіріп қана қоймай, алға жылжыта аламыз деп үміттенемін» деген Путин Земанға.

Украинаға қатысты ЕО елдері басшыларының көбі Кремльден бойын аулақ ұстауға тырысып отырғанда, Земанның Ресейді іштартуы Чехияда және еуропалық бірқатар елдерде сынға ұшыраған.

Чехия президенті Ресейге батыс елдері салған санкцияларды «қисынсыз» деп, ал, Украинадағы соғысқа ресейлік әскерилер қатысып жүргені туралы НАТО мен батыс елдері үкіметтерінің айтқандарын «даулы мәселе» деп атаған.

«Санкциялар қысқа мерзімді болатынына толық сенімдімін... мен көпшілік алдында санкцияларға наразылық білдіргенмін» деп мәлімдеген Земан.

Чехия заңы бойынша, сыртқы саясат тетіктерінің көпшілігі президенттің емес, үкіметтің қолында. Чехия үкіметі Ресеймен қатынаста еуропалық саяси бағыт ұстанады.

XS
SM
MD
LG