Accessibility links

Шығыс Украинада АҚШ-тың екі азаматын босатты


ДХР басшысы Александр Захарченко.
ДХР басшысы Александр Захарченко.

Өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» (ДХР) сепаратистері сәуір айының соңынан бері ұстап келген АҚШ-тың екі азаматын – Халықаралық құтқару комитеті өкілдерін босатқан. Бұл туралы бүгін ДХР басшысы Александр Захарченко мәлімдеген. Ол ұсталған екеудің «бірі Орталық барлау басқармасы агенті, екіншісі – жалдамалы» деп айтқан.

Халықаралық құтқару комитетінің жетекшісі Дэвид Милибэнд сепаратистер тұтқынынан босаған екі адамның «жағдайы жақсы және қаупісіз жерде» екенін мәлімдеген. Ол дағдарысты жағдай салдарынан қиындыққа тап болған адамдарға жәрдем көрсетумен айналысатын гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлері күн сайын дерлік қатерге бас тігетінін атап айтқан.

Сәуірдің 29-ы күні Донецкіде жүргізген рейд барысында сепаратистер Халықаралық құтқару комитетінің 30-дан аса өкілін ұстаған.

Бірақ, өзін өзі жариялаған ДХР «Халық кеңесінің» «төрағасы» Андрей Пургин бүгін ресейлік «Новости» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, сәуірдің 29-ы күні ұсталғандардың арасында барлығы жеті шетелдік болғаны және олардың бәрі сол күні «ДХР аумағынан» шығарылғаны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG