Accessibility links

Польшада президент сайлауының екінші кезеңі өтеді


Польша президенттігіне кандидат Анджей Дуда.
Польша президенттігіне кандидат Анджей Дуда.

Польша президенті Бронислав Комаровский 10 мамырда өткен президент сайлауының алғашқы кезеңінде бұған дейін танымал болмаған Еуропа парламентінің мүшесі Анджей Дудадан жеңілді. Сарапшылар бұрынғы диссидент Комаровский халықтық сенімді пайдаланып жеңіске оңай жетеді деп болжаған. Бірақ алғашқы кезең нәтижесі бойынша Комаровский сайлаушылардың 33,8 пайыз даусын, Дуда 34,8 пайыз даусын алды. Сайлаудың екінші кезеңі 24 мамырға белгіленді. Бұл кезеңде де Дуда жеңіске жетсе, онда билікке оны қолдайтын оңшыл "Заң және әділеттік" партиясы келуі мүмкін.

"Заң және әділеттік" партиясы 2005-2007 жылдары билік жүргізгенде Варшаваның Брюссельмен және Берлинмен қарым-қатынасы күрделі болған. Бұл партия Мәскеуді де аямай сынаған. Партия жетекшісі Ярослав Качинский Ресей президенті Владимир Путинді 2010 жылы ұшақ апатынан қаза тапқан ағасы, сол кездегі Польша прездиенті болған Лех Качинскийдің өліміне қатысы бар деп санайды. Бірақ бұл айыптауға теория жүзінде дәлел жоқ.

XS
SM
MD
LG