Accessibility links

Олланд: Куба эмбаргоcын жою керек


Куба президенті Рауль Кастро (сол жақта) мен Франция президенті Франсуа Олланд. Гавана, 11 мамыр 2015 жыл.
Куба президенті Рауль Кастро (сол жақта) мен Франция президенті Франсуа Олланд. Гавана, 11 мамыр 2015 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд АҚШ-ты 1960 жылы Кубаға салған экономикалық эмбаргосын алып тастауға шақырды. Бұл туралы ол 11 мамырда Гаванаға барған сапарында мәлімдеді. Олландтың сөзінше, экономикалық санкциялар Кубаның дамуына кәдімгідей зардап келтірген және енді оны жою қажет.

Олланд жүз жылда Кубаға сапарлаған Францияның алғашқы басшысы болып отыр. Бұған қоса ол АҚШ пен Куба өткен жылдың соңында қарым-қатынасын жақсартатынын жариялағаннан бері Еуропа елдері басшылары арасынан біріші болып Кубаға сапарлады.

Сапар барысында Олланд Куба президенті Рауль Кастромен және оның ағасы Фидель Кастромен кездесіп, жергілікті университетте сөз сөйледі.

Кеше Олланд Гавана кардиналы, кубалық саяси тұтқындардың босатылуына ықпал еткен Хайме Ортега-и-Аламиномен кездесіп, оны Францияның жоғарғы наградасы Құрметті легион орденімен марапаттады.

XS
SM
MD
LG