Accessibility links

Павлодар: Кеніштегі апаттан 1 адам мерт болды


Павлодар облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Павлодар облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Павлодар облысында "Майқайыңалтын" компаниясына қарасты кеніште тау жынысы опырылып құлап, бір кенші қаза тапты деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Облыстық еңбекті қорғау басқармасының еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қадағалау бөлімінің жетекшісі Данияр Ақыжановтың айтуынша, 12 мамырда болған төтенше оқиғадан тағы бір адам жараланған. Тау жынысының опырылып құлауы техногендік себептен - тасқын судан болған. Тау жынысы құлағанда оқиға орнында жеті адам болған. Төрт адам апат орнынан аман шыққан. Үшінші адам қазір ауруханада тексеріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG