Йемендегі шиттік хусит көтерілісшілеріне әуе соққыларын жасап жатқан Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясы бес күндік гуманитарлық бітім күшіне енгенін хабарлады. Коалияция бітім жарияланғаннан бірнеше сағат бұрын ғана Йемен территориясына жаңа шабуылдар жасаған. Коалиция өкілі, бригада генералы Ахмед Ассеридің хабарлауынша, көтерілісшілер бітім жарияланатын соңғы сәтке дейін Сауд Арабиясымен шекараны атқылаған.
Эр-Рияд қақтығысты уақытша тоқтату режимі хуситтер бітімге бағынған жағдайда және оны әскери басымдыққа ие болу үшін пайдаланбағанда ғана сақталатынын ескертті. Көтерілісшілер де бітімді бұзудың кез-келген әрекетіне "жауап берілетінін" мәлімдеді.
Иран әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы ирандық әскери кемелер хуситтер бақылауда ұстап тұрған Йеменнің Ходейда портына гуманитарлық жүк тиеген кемелерді қарауылдап алып баратынын хабарлады. Ал Ассери Иран флотилиясы бұл үшін Йемен билігінің немесе коалицияның рұқсатын алуы қажет екенін ескертті.