Accessibility links

Пәкістан: Карачиде шабуылдан 43 адам мерт болды


Пәкістан картасы. (Көрнекі сурет).
Пәкістан картасы. (Көрнекі сурет).

Пәкістан билігі елдің оңтүстігіндегі Карачи қаласында бүгін содырлар автобуста оқ атып, кемінде 43 адам қаза тапқанын хабарлады.

Карачи полициясының басшысы Гулам Хайдер Джамалидің айтуынша, бірнеше адам шиит мұсылмандар мінген автобусқа отырып, ішіндегі өзге адамдарға оқ жаудырған. Қаза тапқандардың барлығы - шиит мұсылмандар. Құрбандар арасында балалар мен әйелдер де бар. Бірнеше адам жараланған. Автобус шииттерді зияратқа алып бара жатқан.

Шабуылды пәкістандық "Талибаннан" бөлініп кеткен "Джундулла" тобы мойнына алды. Карачиде бұған дейін "Талибан" мен басқа да сүнниттік экстремист топтар шииттерге шабуылдар жасаған еді.

Пәкістанның 200 миллион халқының 20 пайызға жуығын шииттер құрайды.

XS
SM
MD
LG