Ирак қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы иерархиясындағы екінші адам саналатын Абу Ала әл-Афри деген атпен танымал Абдул Рахман Мустафа Мұхаммед елдің солтүстігінде шетелдік коалиция күштері жасаған әуе соққысынан қаза тапты.
Бригада генералы Тахсин Ибрагимнің айтуынша, Абдул Рахман Мустафа Мұхаммед Таль-Афар қаласындағы мешітте болғанында соққы жасалған. Онымен бірге ондаған содырдың көзі жойылған. АҚШ әскери басшылығы бұл мәліметті растайтын ақпарат жоғын айтып, мешітке шабуыл жасалғанын жоққа шығарды.