Accessibility links

Кабулда қонақүйге шабуылдан бес адам мерт болды


Кабулдегі содырлар басып алған қонақүй маңында тұрған қауіпсіздік қызметкері. Ауғанстан, 13 мамыр 2015 жыл.
Кабулдегі содырлар басып алған қонақүй маңында тұрған қауіпсіздік қызметкері. Ауғанстан, 13 мамыр 2015 жыл.

Кабулда шетелдіктер жиі баратын Park Palace Hotel қонақүйіне жасалған шабуыл салдарынан бес адам қаза тауып, алты адам жараланды. Құрбандар арасында бір америкалық пен екі Үндістан азаматы бар. Қонақүйге түскен тағы 54 адам құтқарылды. Содырлар 13 мамыр күні кешке қонақүйді басып алған кезде онда ондаған адам болған. Кейбір ақпараттар бойынша, құқық қорғау органдары жанкешті шабуылының алдын алғандықтан қонақүйдегілердің көпшілігі аман қалған.

Кабул полициясы басшысының мәлімдеуінше, шабуыл жасаған үш адамның көзі жойылған. Бұл шабуыл өткен жылы "Талибан" мүшелерінің Кабулдағы мейрамхана мен қонақүйге жасаған шабуылдарына ұқсайды.

Әзірге шабуылға жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Содырлар қонақүйді оның тұрғындары қонақүй территориясында сауық кеші мен концерт өткізуге дайындалып жатқанда я кешкі ас ішіп болғанда басып алған.

XS
SM
MD
LG