Accessibility links

Үкімет ядролық отын банкі туралы келісімді мақұлдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан үкіметі Халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ) Қазақстанда әлсіз байытылған уран банкін сақтау туралы келісімді мақұлдады деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

2014 жылдың басында Қазақстан территориясында әлсіз байытылған ядролық отын банкін құру туралы келіссөз аяқталып қалғаны хабарланған. Сыртқы істер министрлігі сәуір айының соңында Қазақстан территориясында МАГАТЭ-нің әлсіз байытылған уран банкі сақталатынын, қазір оған қатысты келісім аяқталып қалғанын және келісімге биыл қол қою жоспарланып отырғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG