Филиппинде аяқ киім фабрикасында шыққан өрттен қаза тапқандар саны 72 адамға жетті.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері бүгін ел астанасы Манила маңында өртенген екі қабатты ғимараттан құрбандардың денелерін шығарды. Мерт болғандардың көпшілігі адам танымастай күйіп кеткен.
Аяқ киім шығаратын фабрикадағы өрт 13 мамырда дәнекерлеру жұмыстары кезінде резеңке аяқ киім жасауда қолданылатын химиялық материалы бар контейнерге шоқ тиіп, жарылыс болғаннан соң тұтанған.