Accessibility links

Кабулда қаза тапқан қазақстандық анықталды


Park Palace қонақ үйін қоршаған қауіпсіздік күштері. Кабул, 14 мамыр 2015
Park Palace қонақ үйін қоршаған қауіпсіздік күштері. Кабул, 14 мамыр 2015

Кабулдағы Park Palace Hotel қонақ үйіне бейсенбі күні "Талибан" мүшелері жасаған шабуылдан қаза тапқандардың бірі - қазақстандық азаматша болып шықты. Бұл туралы Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігі Азаттыққа хабарлады.

"Ауғанстанның қаржы министрлігінде кеңесші болып істеген Италия азаматына тұрмысқа шыққан 1987 жылы туған Әйгерім Абдуллаева күйеуімен бірге қаза тапты. Туыстарына хабарладық. Енді мүрдесін қалай жеткізуді ойластырып жатырмыз" деп хабарлады аты-жөнін атамауды өтінген елшілік қызметкері.

14 мамыр күні шетелдіктер жиі түсетін Кабулдағы Park Palace Hotel қонақ үйіне "Талибан" шабуыл жасап, 14 адам өлген еді. Қонақ үйде болған тағы 54 адам қауіпсіздік қызметінің бірнеше сағатқа созылған операциясынан соң құтқарылғаны хабарланған. Құтқарылғандар арасында 45 шетелдік бар.

XS
SM
MD
LG