Accessibility links

Хоккей: Ресей мен АҚШ 1/2 финалда қайта кездеседі


Беларусь пен Канада арасындағы ойын. Прага. 14 мамыр 2015 жыл.
Беларусь пен Канада арасындағы ойын. Прага. 14 мамыр 2015 жыл.

Шайбалы хоккейден Чехияда өтіп жатқан ерлер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан елдер белгілі болды.

Канада Беларусь құрамасын 9:0 есебімен жеңіп, бес жылдан кейін әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Ал Беларусь хоккейшілері екінші жыл қатарынан ширек финалда жеңілді.

АҚШ Швейцарияны 3:1 есебімен ұтып, Чехия былтырғы жылғы әлем біріншілігінің финалына шыққан Финляндиядан 5:3 есебімен басым түсті.

Ал 2014 жылғы әлем чемпионы Ресей Швецияны 5:3 есебімен жеңді.

16 мамырда өтетін жартылай финалда Канада мен Чехия, АҚШ пен Ресей ойнайды. Топтық кезеңде АҚШ Ресейді 4:2 есебімен, Канада Чехияны 6:3 есебімен жеңген.

Әлем чемпионатының финалы 17 мамырда Прагада өтеді.

XS
SM
MD
LG