Accessibility links

Обама: Парсы шығанағындағы одақтастарымызды қолдаймыз


АҚШ президенті Барак Обама Кувейт әмірі Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен Кэмп-Дэвидтегі саммитте сөйлесіп отыр. 14 мамыр 2015 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Кувейт әмірі Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен Кэмп-Дэвидтегі саммитте сөйлесіп отыр. 14 мамыр 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Вашингтон Парсы шығанағындағы одақтастарына сырттан қауіп төнген жағдайда қолдау көрсететінін мәлімдеді. Обама бұл жайында Мэриленд штатында орналасқан Кэмп-Дэвидтегі резиденциясында Парсы шығанағындағы араб елдері басшыларының ынтымақтастық кеңесінде айтты.

Обаманың сөзінше, саммитке қатысушылар Иран, Сирия және "Ислам мемлекеті" ұйымына қатысты шынайы және жан-жақты келіссөз өткізген. Саммитке Катар мен Кувейт әмірлері қатысты. Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман мен Бахрейн жиынға орта деңгейлі шенеуніктерін жіберген.

Қазір Иран мен әлемдік алты держава Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне экономикалық санкцияларды жеңілдету туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Парсы шығанағы елдері санкциялар алынса қаржылық табысы артатын Иран аймақтағы "басқыншылық саясатын" күшейтеді деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG