Accessibility links

Қайта орнатылған Сталин ескерткішін алып тастады


Ескі Иқан ауылындағы қайта орнатылған Сталин ескерткіші.
Ескі Иқан ауылындағы қайта орнатылған Сталин ескерткіші.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы маңындағы Ескі Иқан ауылында қайта орнатылған Сталин ескерткіші бүгін алынып тасталды.

Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Абдулла Сайдикрамовтың Азаттыққа айтуынша, ескерткіш бүгін күндізгі сағат 12 шамасында алынған.

- Ескерткіш орнатқандарды сотқа берген жоқпыз. Сталиннің ескерткішін алып тастадық. Заңсыз болған соң тұрғын ескерткішті алып тастауға келісті. Өйткені, жері заңсыз екен. Нысаналы мақсаты дұрыс емес болып шықты. Екіншіден, мәдениет министрлігінен рұқсат алмаған. Тұрғын өз әрекетінің заңсыз екенін мойындап, ескерткішті алып тастады. Қазір ескерткіш ауласында жатыр. Қашан жерін заңдастырып, министрліктен рұқсат алады, сол кезде ескерткішті қайта орнатады, - деді Абдулла Сайдикрамов.

2014 жылы 6 маусымда Ескі Иқан ауылында болған дауыл кезінде бұрынғы СССР басшысы Сталиннің ескерткіші құлап қалған. Сол ескерткішті бір топ ауыл тұрғыны өткен аптада қайта қалпына келтірген.

Кеше әкім Абдулла Сайдикрамов ескерткішті орнатуға ауыл тұрғындары қарсы болғанын, енді орнатқан адамды сотқа беріп жатқандарын айтқан.

XS
SM
MD
LG