Accessibility links

Индонезия 800-дей мигрантты жағалауына түсірді


Индонезияның Суматра аралындағы Ачех провинциясына құтқарылған 794 мигрант түсірілді.

Құтқарушылардың хабарлауынша, мигранттар мінген дауылға тап болған балық аулау кемесі 15 мамыр күні таңертең табылып, жағалауға жеткізілген. Құтқарушылар мигранттардың Мьянма мен Бангладештен шыққанын айтады.

10 мамырда да 600-ге тарта мигранты бар кеме Индонезияға жеткізілген.

Осы сияқты кемелерге мінетін мыңдаған мигрант Оңтүстік-шығыс Азия теңіздерінде қиындыққа тап болады. Аймақ елдерінің билігі БҰҰ-ның мигранттарды құтқару өтініштеріне қарамастан мигранттарды жағалауларына түсіргісі келмейді.

XS
SM
MD
LG