Accessibility links

Канада хоккейшілері - финалда


Чехия хоккей құрамасының ойыншылары. Прага. 7 мамыр 2015 жыл.
Чехия хоккей құрамасының ойыншылары. Прага. 7 мамыр 2015 жыл.

Шайбалы хоккейден Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалында Канада жарысты ұйымдастырушы елдің құрамасын жеңді - 2:0.

Канада жеті жылдан кейін әлем чемпионатының финалына шығып отыр. Бұл елдің құрамасы соңғы рет 2007 жылғы әлем біріншілігінің финалында ойнап, Финляндияны 4:2 есебімен жеңген.

Канада финалда әлі жалғасып жатқан АҚШ-Ресей матчының жеңімпазымен кездеседі.

Чехия құрамасы екінші жыл қатарынан жартылай финалда жеңілді. 2014 жылы Чехия Финляндиядан 0:3 есебімен жеңілген. Ал қола үшін өткен матчта Швецияны жеңе алмаған - 0:3.

Биылғы әлем чемпионатының финалы 17 мамырда Прагада өтеді.

XS
SM
MD
LG