Спортшылар Халықаралық олимпиада комитетін (ХОК) Қазақстанның гомосексуализмге қарсы заң жобасын қабылдамауына ықпал етуге шақырды.
Қазақстан 2022 жылы Қысқы олимпиада өткізуге Қытаймен бәсекеге түсіп отыр. Ақпан айында бұл елдің сенаты "дәстүрлі емес жыныстық ориентацияға" тыйым салатын заң жобасын талқылаған.
Сарапшылар бұл заңды 2013 жылы Ресейде қабылданған гей-насихатқа қарсы заңмен салыстырады. Ресей заңын халықаралық қауымдастық сынаған еді.
Олимпадалар мен паралимпиадаларға қатысқан және кәсіпқой 27 спортшы ХОК президенті Томас Бахты олимпиада ойындарын кемсітусіз өткізуге шақырды.
ХОК президентіне жолданған үндеуде спортшылар "жыныстық азшылық өкілдерінің спорт жарыстарына тең қатысуы үшін күресетіндерін" мәлімдеген. Үндеуде "спортшылар ХОК-ті Қазақстан билігіне жыныстық азшылық өкілдері құқықтарын шектеу олимпиада қозғалысының қағидаларына сай келмейтінін ескертуге шақырады" деп жазылған.