Accessibility links

АҚШ хоккейшілері - қола жүлдегер


Хоккейден АҚШ ұлттық құрамасы. Көрнекі сурет

Шайбалы хоккейден Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатында АҚШ құрамасы қола медаль иеленді.

Үшінші орын үшін өткен матчта АҚШ хоккейшілері Чехияны 3:0 есебімен жеңді. Америкалық хоккейшілер 2013 жылғы жетістігін қайталап, әлем чемпионатының үштігіне енді.

Ал Чехия екінші жыл қатарынан қола жүлде үшін өткен матчта жеңіліп қалды. 2014 жылы Чехия үшінші орынға таласта Швециядан ұтылған.

Әлем чемпионатының финалына Ресей мен Канада шыққан. Финал Астана уақыты бойынша 17 мамырдан 18 мамырға ауған түні 00:45-те басталады.

2016 жылғы әлем чемпионаты Ресейде өтеді. Бұл чемпионатқа Қазақстан құрамасы да жолдама алған.

XS
SM
MD
LG