Accessibility links

ИМ содырлары Иракта Рамади қаласын басып алды


Жергілікті тұрғындар Рамадиден кетіп жатыр. Ирак, 16 мамыр 2015 жыл.
Жергілікті тұрғындар Рамадиден кетіп жатыр. Ирак, 16 мамыр 2015 жыл.

Шетел коалициясы әуе күштерінің қолдауына қарамастан ирак әскері Анбар провинциясының орталығы Рамади қаласында "Ислам мемлекеті" ұйымының содырларынан жеңіліс тапты. Қала содырлардың бақылауына өтті. Провинция губернаторының өкілі "Рамади күйреді. Жағдай біртіндеп нашарлай берді. Әскерилер қаланы тастап кетіп барады" деп мәлімдеді.

17 мамыр күні Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади әскерилерге Анбардағы позицияларын тастап шықпауға, ал шиит жасақтарына сүнниттер басым территорияға баруға дайындалуды бұйырған. Содырлар 15 мамырда қаладағы негізгі үкіметтік ғимараттар мен маңызды аудандарды басып алған.

Соңғы тәуліктерде шетелдік коалиция күштері Ирактағы "Ислам мемлекеті" ұйымы позицияларына 18 рет әуеден соққы жасаған. Қалаға шабуыл басталғаннан бері 500-ге жуық әскери мен бейбіт тұрғын қаза тапты.

XS
SM
MD
LG