Accessibility links

Кабулда шабуылдан үш адам қаза тапты


Кабулдағы шетелдік қауіпсіздік күштерінің көліктеріне шабуыл жасалған орын. Ауғанстан, 17 мамыр 2015 жыл.
Кабулдағы шетелдік қауіпсіздік күштерінің көліктеріне шабуыл жасалған орын. Ауғанстан, 17 мамыр 2015 жыл.

Ауғанстан билігінің хабарлауынша, Кабул әуежайы маңында шетелдік қауіпсіздік күштерінің көліктеріне жасалған шабуылдан Еуропол өкілі мен ауғандық екі жасөспірім қаза тапты.

Жанкешті 17 мамыр күні жарылғыш заттарға толтырылған Toyota Corolla көлігін автоколонна құрамындағы Еуропол көлігін соққан. Ұлыбританияның Ауғанстандағы елшілігі қауіпсіздікті сақтау миссиясы құрамында болған британ азаматының қаза тапқанын растады. Жергілікті биліктің дерегінше, шабуылдан Ауғанстанның кәмелеттік жасқа толмаған екі азаматы қаза тауып, 18 адам жараланған. Зардап шеккендер арасында Еурополдың үш қызметкері бар.

Шабуыл Кабул әуежайы мен НАТО-ның әскери нысандары орналасқан аудандағы командалық өткізу бекетіне жақын маңда болған. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Наджиб Даништің айтуынша, жарылыстан үш көлік зардап шеккен.

Жарылысқа жауапкершілікті "Талибан" ұйымы мойнына алды.

XS
SM
MD
LG