Accessibility links

Қазақстан хоккейшілері Ресеймен бір топқа түсті


Қазақстан хоккей құрамасы.

2016 жылы Ресейде өтетін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталы тобының жеребесі тартылды.

Бұл чемпионатқа қатысатын Қазақстан құрамасы Ресей, Чехия, Швейцария, Латвия, Норвегия және Даниямен В тобына түсті.

Ал А тобында Канада, Финляндия, Словакия, Беларусь, Франция, Германия, Венгрия ойнайды. Канада құрамасы 17 мамырда Чехияда аяқталған әлем біріншілігінің финалында Ресейді 6:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Ресейдегі әлем чемпионаты 2016 жылы 6-22 мамыр аралығында өтеді.

XS
SM
MD
LG