Accessibility links

Қырылған киік саны 2,5 мыңнан асты


Киіктер. (Көрнекі сурет).
Киіктер. (Көрнекі сурет).

Қостанай облысында қырылған киік саны екі жарым мыңнан асты деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстың Амангелді ауданында киіктер 11 мамырдан қырыла бастаған. Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктердің қырылуына киіктердің ұзаққа созылған қыстан әлсіз шығып, төлдеу науқанында инфекциялық ауруға ұшырауы себеп болуы мүмкін деген болжам жасаған. Қазір мамандар киіктердің қырылуының себептерін тексеріп жатыр.

Департаменттің мәліметінше, киіктердің қырылуы тоқтамай тұр. Тек өткен демалыс күндері ғана 1566 киік өлексесі табылған.

Өткен аптада биолог ғалым Қылышбек Мұсағұлов Азаттыққа қазіргі кезде инфекциялық пастереллез ауруы киіктердің аналықтарында көптеп кездесетінін айтқан.

Қазақстан үкімет соңғы жылдары саны күрт азайған киіктерді аулауға 2021 жылға дейін тыйым салған болатын. Қазақ тілінде жүнінің түсіне қарай жазда - киік, қыста - ақбөкен аталатын (орысша - сайга, ағылшынша Saiga antelope - ред.) дала жануары негізінен Қазақстанды, Ресейдің Қалмақиясын және Моңғолияны мекендейді.

XS
SM
MD
LG