Accessibility links

Отандық өнеркәсіпті қолдауға 85 миллиард теңге бөлінеді


Теңге. (Көрнекі сурет).
Теңге. (Көрнекі сурет).

Қазақстан үкіметі 2015-2016 жылдары отандық өнеркәсіп пен тауар экспорттайтын кәсіпорындарға Ұлттық қордан 85 миллиард теңге займ бөлетін болды деп хабарлады ресми БАҚ.

Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп дайындаған жоспар бойынша, займ төрт бағыт - қазақстандық автокөлік құрастыру кәсіпорындарын, отандық "Еврокоптер" тікұшақтарын жасайтын кәсіпорнын, отандық жолаушыларға арналған пойыз вагондын жасайтын кәсіпорындарды және экспортқа тауар шығаратын кәсіпорындарды қолдауға бөлінеді.

85 миллиард теңгенің 70 миллиарды 2015 жылы, 15 миллиард 2016 жылы бөлінбек. Қаржы "Қазақстан даму банкі" және оның еншілес "БРК-Лизинг" акционерлік қоғамы арқылы беріледі.​

XS
SM
MD
LG