Accessibility links

Алматыда үлескерлер акция өткізді


Үлескерлердің Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Болат Тәкеновпен кездесуі. Алматы, 19 мамыр 2015 жыл.
Үлескерлердің Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Болат Тәкеновпен кездесуі. Алматы, 19 мамыр 2015 жыл.

Бүгін Алматыда бір топ үлескер "Жетісу Жаңа құрылыс" фирмасының алдында наразылық акциясын өткізді.

Қала іргесіндегі "Елисей алқабы" және "Премьера" коттедж қалашықтарынан үй алуға ақша салған үлескерлердің құрылысты жүргізген "Жетісу Жаңа Құрылыс" фирмасының жұмысына және салған үйлердің сапасына көңілі толмайды. Алматы тұрғыны Зүлфира Қожамқұлованың Азаттыққа айтуынша, ол фирмаға үй салып беруге 2005 150 мың АҚШ долларын бергеніме, үйіне әлі кіре алмаған. Үлескерлер бұған қоса салынған үйлердің сапасыз екенін, ыстық және суық су қосылмағанын айтады.

Үлескерлермен жиынға облыс әкімінің кеңесшісі Болат Тәкенов пен Алматы қалалық прокуратурасының өкілі Ерлан Жұлқынбеков қатысты. Болат Тәкенов үлескерлерге қазір "үйлердің сапасына қатысты комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын" айтты. Ол "сапасыз салынған үйлерді құрылысын жүргізген компаниялар қайта жөндеп беретінін" де жеткізді.

Ал Ерлан Жұлқынбеков үйлердің салынуы мен сапасына қатысты іс қазір сот сараптамасына жіберілгенін айтты.

XS
SM
MD
LG