Accessibility links

Мемлекеттік дума "ұнамсыз ұйымдар" туралы заң жобасын қолдады


Ресей мемлекеттік думасының сессиясы. (Көрнекі сурет).
Ресей мемлекеттік думасының сессиясы. (Көрнекі сурет).

Ресей мемлекеттік думасы Ресейдегі "ұнамсыз ұйымдар" туралы заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасына сай, ""Ресейдің конституциялық құрылымына, қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін" шетелдік немесе халықаралық үкіметтік емес ұйымдар "ұнамсыз" деп танылуы мүмкін.

Үкіметтік емес ұйымды "ұнамсыз" ұйымдар тізіміне қосу туралы шешімді Ресей бас прокуратурасы сыртқы істер министрлігімен келісе отырып қабылдайды.

"Ұнамсыз ұйымдар" тізіміне енген халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың Ресейдегі бөлімдері жабылуы тиіс болмақ. Заңды бұзғандарға алғашқыда 5 мыңнан 100 мың рубльге дейін айыппұл салу, қайтара бұзғаны үшін алты жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін Amnesty International және Human Rights Watch ұйымдары "ұнамсыз үкіметтік емес ұйымдар" туралы заң жобасына қарсылық білдірген.

XS
SM
MD
LG