Accessibility links

Оралда "Қазақ батыры" ескерткіші ашылды


Мүсінші Болат Баймағанбетов (оң жақта) көмекшісі Азамат Алакөзөвпен бірге "Қазақ батыры" ескерткішінің жанында. Орал, 20 мамыр 2015 жыл.
Мүсінші Болат Баймағанбетов (оң жақта) көмекшісі Азамат Алакөзөвпен бірге "Қазақ батыры" ескерткішінің жанында. Орал, 20 мамыр 2015 жыл.

Оралда бүгін қала орталығында ескі сынған ағаштан жасалған қазақ батырының мүсіні ашылды. 35 жастағы мүсінші Болат Баймағанбетов ағаш ескерткішті Қазақ хандығының 550 жылдығына арнаған.

Ағаш мүсіннің таныстырылымында мүсінші Болат Баймағанбетов қала орталығындағы "Юбилейная" аялдамасы маңындағы ағаш томардың қасынан өтіп бара жатып өзіне әлгі томардан қазақ батырының кескінін ойып жасау туралы ой келгенін айтады. Ойын жүзеге асыруға бір айдай уақыт келген. Ескреткішті "Қазақ батыры" деп атаған.

Ескреткіштің ашылуында қала тұрғындары шебер мен оның көмекшісі Азамат Алакөзовке шынайы жұмыстары үшін алғыс білдірді.

XS
SM
MD
LG