Accessibility links

Лавров: Мәскеу батыс елдерімен ынтымақтастыққа дайын


Ресей сыртқы істер министрі Федерация кеңесінің жиынында сөйлеп тұр. Мәскеу, 20 мамыр 2015 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Федерация кеңесінің жиынында сөйлеп тұр. Мәскеу, 20 мамыр 2015 жыл.

Мәскеу батыс елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын деп мәлімдеді бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей Федерация кеңесінің жиынында сөйлеген сөзінде. Ол бұған қоса Мәскеу Вашингтонның «Киевтің жаңа әскери авантюраға ұрынбауына ықпал ететініне» үмітті екенін мәлімдеді.

Ресей 2014 жылы наурызда Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алғаннан кейін Мәскеу мен батыс елдері арасы шиеленісіп кеткен. Батыс елдері Ресейді Украина шығысындағы сепаратистерді қолдайды, оларға қару-жарақ пен әскер жөнелтеді деп айыптайды. Бірақ Мәскеу оны жоққа шығарады.

19 мамырда Брюссельге барған сапарында Лавров Еуропа Одағын "Ресей мүддесіне зиын келтіретін әрекеттен" сақтануға шақырып, одақтың Шығыс Еуропадағы көршілерімен қарым-қатынасының Мәскеуге кері салдары болмауы тиіс деген.

XS
SM
MD
LG