Accessibility links

Астанада саяжай тұрғындары әкімдікке жиналды


«Щебсклад» саяжайының тұрғындары қалалық әкімдіктің кіреберісінде тұр. Астана, 20 мамыр 2015 жыл.
«Щебсклад» саяжайының тұрғындары қалалық әкімдіктің кіреберісінде тұр. Астана, 20 мамыр 2015 жыл.

Астанадағы "Щебсклад" саяжайының ондаған тұрғыны бүгін қалалық әкімдіктің алдына жиналды. Тұрғындардың он шақты өкілі әкімдік өкілдерімен кездесуге ішке кіріп кеткен. Қалғандары кіреберісте тұр.

Астана қаласының шетіндегі жүз алпыс үй орналасқан «Щебсклад» саяжайы мемлекет қажеттілігі үшін сүрілмек. Тұрғындардың айтуынша, саябақ тұрған жер 13 инвесторға бөлініп берілген. Саяжай тұрғындары олардың ұсынған өтемақыларын азсынып отыр.

Үйлерін сүруге наразы тұрғындар наурыз айының басында президент әкімшілігі аппаратына петиция тапсырған. Тұрғындар петицияда егер тұрып жатқан үйлерін еріктерінен тыс сүріп тастаса, бес жүзден астам әйел, әрқайсысы төрт-бес баласымен "далада қалатынын" ескерткен. Сол кезде тұрғындардың өтінішін тыңдаған президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссия хатшысы Тастемір Әбішев "мәселелеріне назар аударуға» уәде берген.

XS
SM
MD
LG