Accessibility links

Сирия: Ежелгі Пальмира қаласы ИМ қолына өтті


Ежелгі Пальмира қаласы. Сирия, 18 мамыр 2015 жыл.
Ежелгі Пальмира қаласы. Сирия, 18 мамыр 2015 жыл.

Сириялық белсенділердің мәліметінше, "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары қазір Сирияның ежелгі тарихи қаласы Пальмираны толық бақылауына алған. Syrian Observatory for Human Rights ұйымы қала үкімет әскерімен кескілескен ұрыстан кейін құлағанын айтады. Пальмира біздің заманымыздың бірінші, я екінші ғасырында аймақ Рим империясының бөлігі болып тұрғанда салынған. Ежелгі қала жұрнақтары Сирияның шығысынан батысына қарай өтетін стратегиялық маңызы бар магистралға жақын орналасқан Тадмур қаласының іргесінде.

Содырлар ЮНЕСКО қорғауындағы дүниежүзілік мәдени мұра нысаны саналатын ежелгі қаланы бүлдіруі немесе толықтай қиратуы мүмкін деген қауіп бар. ЮНЕСКО басшысы Ирина Бокова Пальмирадағы ұрыстарға "қатты алаңдап" отырғанын мәлімдеді. Сирияның ежелгі тарихи мұраларды қорғау ведомствосының басшысы Маамун Абдулкаримнің хабарлауынша, қаладан жүздеген ескерткіш, мүсін шығарылған. "Біз ондағы алып кете алмайтын мұражайлар мен үлкен ескерткіштердің тағдырына алаңдаймыз" деді Абдулкарим.

2014 жылдың маусым айында Ирак пен Сирияның біраз территориясын басып алған "Ислам мемлекеті" содырлары Иракта бірнеше ежелгі қаланы қиратты.

XS
SM
MD
LG