Accessibility links

Франция: "Әл-Қаиданың" Малидегі жетекшілері көзі жойылды


Малидегі француз сарбаздары. (Көрнекі сурет).
Малидегі француз сарбаздары. (Көрнекі сурет).

Француз арнайы жасағы Малидің солтүстігінде болған ұрыста осы елдегі экстремистік топтың екі жетекшісінің көзін жойды деп хабарлады Франция қорғаныс министрлігі.

Франция қорғаныс министрлігінің 20 мамырда таратқан ақпаратында экстремистік топ жетекшілері Амада Аг Хама мен Ибрагим Аг Инауаленнің осы аптада болған ұрыс барысында қаза тапқаны айтылады. Бұлар "Әл-Қаида" ұйымының жетекшілері және Малидегі экстремистік "Ансар-ад-Дин" тобын басқарған. "Ансар-ад-Дин" бұрын Малидегі халықаралық күштерге жасалған бірнеше шабуылды мойнына алған. 19 мамырдағы ұрыста топтың тағы екі мүшесі қаза тапқан.

Малидің солтүстік-шығысында бес елдің антитеррористік операцияларына 1 мың 200-ге жуық француз сарбазы қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG