Accessibility links

Обама: Климаттың өзгеруі АҚШ-қа қауіпті


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама климаттың өзгеруі АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді және әлемде тұрақсыздық пен қақтығысқа әкелетін жағдайлардың туындауына себепкер болады деп мәлімдеді. Бұл туралы Обама АҚШ-тың Коннектикут штатында Жағалау күзеті академиясы түлектері алдында сөйлеген сөзінде айтты.

Обаманың сөзінше, климаттың өзгеріп жатқаны сөзсіз, ал оның салдары АҚШ қарулы күштерінің өз елін қалай қорғайтынына әсер етуі мүмкін. Ол АҚШ-тың жағалаудағы көптеген әскери нысандары мұхит деңгейі көтерілуінің салдарын сезініп жатқанын айтты. АҚШ президенті климаттың өзгеруімен байланысты болатын табиғи апаттар америкалық әскерилерді құтқару және гуманитарлық операцияларына жиі араласуға мәжбүрлейтінін айтады. "Бұл проблеманы жоққа шығару немесе оны шешуден бас тарту - ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірумен бірдей" деді Барак Обама.

Обаманың мәлімдемесі алдында Ақ үй баяндама жариялаған. Онда қазір қорғаныс министрлігі елдегі жеті мыңнан астам әскери нысандардың климаттың өзгеруінен қаншалықты зардап шегетінін зерттеп жатқаны айтылады.

XS
SM
MD
LG