Ресей соты Нижний Новгород қаласына құқық қорғаушыларға тренинг өткізуге барған Дания азаптауға қарсы институтының үш қызметкерінің бірін миграция заңдарын бұзды деп елден айыптап, елден шығаруға шешім шығарды.
Азаттықтың Орыс қызметінің адвокат Петр Заикинге сілтеме жасап хабарлауынша, Германия азаматы "Ресейге келуде көрсеткен мақсатына сай әрекет еткені" үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Шетелдікке бұған қоса екі мың рубль көлемінде айыппұл салынған.
21 мамырда сотта Дания азаптауға қарсы институтының тағы екі қызметкері - Дания мен Латвияның оқытушыларына қатысты миграциялық заңнаманы бұзу бойынша іс қаралмақ.
Дания азаптауға қарсы институтының өкілдері Нижний Новгородта "Ибис" қонақүйінде өткен психологтар мен қоғамдық бақылау комиссиясы өкілдеріне арналған тренингке қатысқан. Тренингте психолог Уве Артур Харлачер ресейлік әріптестерімен азаптау құрбандарын кешенді айықтыру мәселелерін талқыламақ болған.
"Азаптауға қарсы комитет" аймақаралық қоғамдық ұйымының хабарлауынша, кеше аймақтық миграциялық басқарманың он шақты қызметкері тренинг өткен қонақүйге барып, шетелдіктерді Федералдық тергеу қызметіне баруды сұраған. Мұның салдарынан тренинг ортадан тоқтап қалған.
Миграциялық қызметтің баспасөз қызметі шетелдіктердің "миграция заңдарын бұзу туралы ақпаратты тексергенін айтады.
Ресей әділет министрлігі биыл қаңтар айында "Азаптауға қарсы комитет" аймақаралық қоғамдық ұйымын "шетел агенті" деп танылған ұйымдар тізіміне енгізген.