Accessibility links

Назарбаев: Біріккен Еуразия экономикалық кеңістігін құру керек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 27 сәуір 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 27 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін 8-Астана экономикалық форумында сөйлеп, Біріккен Еуразия экономикалық кеңістігін құруды.

"Бізге барлық қатысушылардың ұлттық мүддесін ескеретін бірыңғай ереже қабылдау қажет. Ереже ең алдымен сауда-саттық, тасымалдау мен ресурстар қозғалысына қатысты болуы тиіс. Біріккен еуразия экономикалық кеңістігі аясында тұрақты жұмыс істейтін орын құрылуы керек. Ол орында құрлықты дамытуға, кеңістікке мүше елдер арасындағы интеграцияны нығайтуға қатысты ұсыныстар айтылады" деді Назарбаев.

Форумның екінші күні сөйлеген Назарбаев бұған қоса Қазақстан алдағы үш жылда жаңа жолдар, электр желілері мен коммуникация құрылыстарын слуға 14 миллиардтан астам АҚШ долларын бөлетінін де айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа қаржы орталығын құру шешіміне де қатысты пікірін айтты. Президенттің пікірінше, "Астана" қаржы орталығы Қазақстанның, одан ары Орталық Азия "қаржы инфрақұрылымының орталығы" болмақ. Ал бұған дейін құрылады деген Алматы Қазақстанның өз ішіндегі қаржылық қызмет көрсету орталығы болып қалады.

XS
SM
MD
LG