Accessibility links

Қырылған киік саны 85 мыңға жетті


Вице-министр: 85 мың киік өлген
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:04 0:00

Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен киіктердің қырылуына қатысты брифинг. Астана, 22 мамыр 2015 жыл.

Қазақстанда қырылған киік саны 85 мыңға таяды деп хабарлады бүгін Астанада арнайы брифинг өткізген ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, киіктер Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарында және Бетпақдалада қырылып жатыр. Киік өлекселерін жинап, көму жұмыстарына төтенше жағдай қызметкерлері мен қорғаныс министрлігі сарбаздары жұмылдырылған. Киік қырылған аймақтар қоршауға алынған, енді карантин жарияланбақ.

Брифингке қатысқан министрлік өкілдері киіктердің алдын-ала болжам бойынша жұқпалы пастереллез дертінен қырылғанын айтады. Министрлік қазір Ақтөбе облысы аумағында киіктердің қырылуы тоқтауға таяғанын, апат солтүстіккке қарай ойысып бара жатқанын айтады.

Қазақстан үкімет соңғы жылдары саны күрт азайған киікті аулауға 2021 жылға дейін тыйым салған. Соңғы ресми есеп бойынша, қырылғанға дейінгі киік саны 256 мыңды құраған. Киік (ақбөкен) негізінен Қазақстанды, Ресейдің Қалмақия өңірін және Моңғолияны мекендейді.

XS
SM
MD
LG